Жарияланды: 340

Атырауда 24 келі бекіре балығымен және бес келі қара уылдырықпен қала тұрғыны ұсталды

Атырауда көлік салонынан бекіре балығы мен қара уылдырық табылған жүргізуші ұсталды.

«Қалалық мейрамханалардың бірінің маңынан облыстық ІІД-нің балық қорларына қылмыстық қолсұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері салонынан 24 келі бекіре балығы мен 5 келі қара уылдырық табылған «Тойота» көлігін ұстады. Бұл фактімен көліктің иесіне, Атырау қаласының 1968 жылғы азаматына қатысты ҚР ҚК-нің 183-бабы, 1-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнәзира Мұхтарова. Полицейлердің мәліметтерінше, браконьерлік жолмен алынған қара уылдырық пен балықтың иесі 2011 жылы ҚР ҚК-нің осы бабы бойынша жауапкершілікке тартылған еді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін