Жарияланды: 410

Атырауда бір аптаның ішінде жедел жәрдем қызметкерлеріне екі мәрте шабуыл жасалды

Атырауда бір аптаның ішінде жедел жәрдем қызметкерлеріне екі мәрте шабуыл жасалды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне жедел жәрдем станциясынан хабарлады.

Алғашқы оқиғада жынданған қыздың туысқандарының шақыруымен келген дәрігерлік топтың фельдшерін әлгі қыз соққыға жыққан. Ал екінші оқиғаға келсек, жедел жәрдем тобының фельдшері мен санитарына сотқар мастар шабуыл жасаған көрінеді. Санитар қыз айтарлықтай зардап шеккен жоқ, ал шабуылшылардың бірі фельдшердің басынан темір тұрбамен ұрып жіберген. Қазір ол облыстық ауруханада жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалауда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін