Жарияланды: 420

Атырауда коттедж салып алған қала тұрғыны жауапкершілікке тартылды

Атырауда прокуратура жеке азаматқа қатысты заңсыз салынған 3 қабатты коттедж үшін қылмыстық іс қозғады.

Облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы Светлана Жұмашеваның айтуынша, Атырау қаласының тұрғыны өз кінәсінен жағымсыз жағдайға тап болды. Ол өзінің үлкен коттеджін өз учаскесінде емес, көрші учаскеде салып қойды. Ол учаскенің иесі сотқа беріп, сот коттедж иесіне құрылысты бұзу қажеттігі туралы шешім шығарды. «Бірақ коттедж иесі сот шешіміне құлақ аспады. Енді жер телімі иесінің арызы бойынша прокуратура «Соттың, өзге де сот актісінің шешімін не үкімін орындамау» бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл оқиғаны тергеу полицияға тапсырылды», - деп хабарлады С.Жұмашева.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін