Дүлей дауыл әп-сәтте шатырды ұшырып әкеткен. Демалысқа шыққандықтан, оқушылар осы кезде мектепте болмапты. Бірақ жанындағы фельдшерлік бөлімше мен ауыл клубы жұмыс істеп жатқан. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпепті. Қазір қалалық білім бөлімі мен төтенше жағдайлар қызметінің мамандары тексеру жүргізуде. Қанша шығын келгені анықталып жатыр.
Фариза Ізмағамбетова, мектеп директоры:
— Абырой болғанда, сол уақытта ешқандай емтихан да жоқ.Немесе мынау бір республикалық сайысқа қатынасатын біздің балаларымыз бар еді, оларды да күннің ыстығына байланысты кешке шақырған болатынбыз. Ол балалар да болған жоқ немесе қызметкерлер біреуі де мынандай апатты жағдайдың айналасында болмағанына өте қуанып тұрмын.