Атырауда шағын автобус қағып кеткен еркек сол жерде жан тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда шағын автобус қағып кеткен еркек сол жерде жан тапсырды

Атырауда шағын автобус қағып кеткен еркек сол жерде жан тапсырды

Атырауда «Тойота» маркалы шағын автобус жаяу жүргінші мен екі баланы қағып кетті.

  • 18 Шiлде 2014
  • 592
Фото - Caravan.kz

Облыстық ІІД баспасөз қызметі жетекшісі Гүлназира Мұхтарованың айтуынша, апат бейсенбі күні қаладағы ықшам аудандардың бірінде болған.

«Микроавтобус жүргізушісі белгісіз себептермен 42 жастағы ер адам мен оның 2011 және 2013 жылы туған балаларын қағып кеткен. Ер азамат сол жерде көз жұмды. Ал бүлдіршіндер облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөліміне жеткізілді», — деді ол.

Автобус жүргізушісі тұтқындалды. Апат себептері анықталып жатыр.