Жарияланды: 400

Атырауда теміржол вокзалы толық жаңарды

Атырауда теміржол вокзалы толық жаңарды

Күрделі жөндеуден кейін Атырау стансасының вокзалы толық жаңарды. 

Ғимарат 40 жыл бұрын салынған. Өткізу мүмкіндігі тәулігіне - 500 жолаушы. Сонымен қатар, онда 3000-нан астам жолаушыға қызмет көрсетуге мүмкіндік бар. Өткен жылы басталып, биыл шілдеде аяқталған жөндеу жұмыстарының арқасында сапаржайдың сырт келбеті де өзгерді. 

Ғимаратта сұранысқа ие жайлы ана мен бала бөлмесі, асхана, қарсы алатындар мен шығарып салатындарға арналған VIP-зал ашылды. 
Вокзалдың қасбеті, перроны, екі отырғызу платформасы толық өзгерді, аумағы абаттандырылды, деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен. 
«Біздің вокзал заманауи, әсем болды. Енді мұнда жұмыс істеудің өзі қуаныш. Жолаушылардың осыған қатысты жылы сөздерін есту қандай ғанибет»,- деді вокзал ұжымының жетекшісі Майра Әбілова.
Вокзалдың жалпы аумағы 3 307,8 шаршы метрді құрайды. Станса бойынша барлығы 13 жұп пойыз өтеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін