Атырауда жалақы алмаған жұмысшылар шу шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда жалақы алмаған жұмысшылар шу шығарды

Атырауда жалақы алмаған жұмысшылар шу шығарды

Жалақыдан шыққан жанжал! Атырауда «КТК Service Trunks»  компаниясы қыркүйек айынан бері жұмысшыларына айлық төлемеген. Мұнай өңдеу зауытынан тапсырыс алып, қызмет көрсететін алматылық компанияның басшылығы әлі күнге дейін қарамағындағылардан қашып, еңбекақыларын төлеуден жалтарып жүр. Бір үзім нанға зар болып, айдалада қалған жұмысшылар бүгін ақыры бас көтерді.

  • 21 Қаңтар 2016
  • 449
Фото - Caravan.kz

— «КТК Service Trunks» компаниясының басшысы Төлеген Дәуленбаев өзі келмесе де, өзін «бригадирмін» деп таныстырған осы жігіттен сәлем айтып жіберіпті. Бірақ, мұндай уәдені бірнеше айдан бері естіп келе жатқан және соңғы күндері ыстық тамақ түгілі, бір үзім нанға ақша таба алмай жүрген жұмысшылардың бұған енді сенгісі жоқ.

Берік Тоғызақов, «КТК Service Trunks» жұмысшысы:

-Үйлеріңе бара беріңдер, ақшаны түсіреміз деп айтты.Бірақ, 60 адамдай жатыр үйлерінде, ақша жоқ, мен де сол оймен, әлі кеткем жоқ, өзім пәтер жалдап тұрып жатырмын.

Мәлік Бестеков, «КТК Service Trunks» жұмысшысы:

-Жаңа жылдан кейін қайта келдік, вахта бар дегесін. Бірақ, вахта мынау ғой, еңбекақы жоқ, еш жағдай жоқ.Жататын жерді көрдіңдер, тамақты тоқтатып тастады. Жатақханадан шығарайын деп жатыр, не күй мынау, қалтамызда бір тиын ақшамыз жоқ, қайда барамыз?

Басшыларының құрғақ уәдесіне сеніп келген жігіттер тиісті орындардан ақыл-кеңес алғаны болмаса, шағым да жазбапты. Бірақ арыздарын ауызша айтса да, атыраулық прокурорлар мен еңбек инспекторлары Алматыдағы әріптестеріне хат жолдаған.


Салауат Ищай, Атырау облысының бас еңбек инспекторы:

-КТК сервис компаниясы Алматыда тіркелген. Қала прокурорымен ұйғарым берілген. Алматы қаласында қазір тексеріс жүріп жатыр. Атырау қалалық прокуратурасымен күні бүгінге дейін 12 млн өндірілген, енді қалғаны 2 млн. мекеме басшысы төлеймін деп отыр.

Дауға қалған мекеме басшы Төлеген Дәуленбаевты прокурорлар бірнеше рет кездесуге шақырғанымен, одан нәтиже жоқ. Ал Орал, Ақтөбе, Шымкенттен келіп, үйлеріне қайтарға ақша таппай, ашқұрсақ жүрген жігіттер заңгерлерден кеңес алып, арыз жазуға енді кірісіп жатыр.