Жарияланды: 380

Атырауда жоғарғы сынып оқушылары мұғалімдерді ақпараттық технологияларға үйретеді

Атыраудың бір мектебінің жоғарғы сынып оқушылары мұғалімдерді ақпараттық технологияларға үйретеді, деп ҚазТАГ тілшісі хабарлады.

«Компьютерлермен жұмыс істегенде мұғалімдер жоғарғы сынып оқушыларынан жиі көмек сұрайды. Ал бүгіндері мұғалімдердің жұмыстарын жеңілдететін көптеген бағдарламалар бар: математикалық сұлбалар жасауға болады, сабақтарда интерактивті тақталарды т.б. көптеген мүмкіндіктерді пайдаланса болады», - дейді Жамбыл атындағы мектептің 10-шы сынып оқушысы Әйгерім Сейтқалиева. Қаланың 32 мектебінен 526 оқушысы екі жыл бойына «Теңізшевроил» ЖШС қардылық көмегінің арқасында «АЙРЕКС» қоры жүзеге асырып отырған «Ақпараттық технологиялар ғасырының ұрпақтары – 2011» жобасымен жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларға үйренді. Енді олар алған білімдерін өмірде қолдана алады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін