"Азаматтарға далада барынша азырақ болуға тырысу керек», деп БАҚ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі астаналық бюроның мәлімдемесін келтіріп отыр.
Сондай-ақ билік астана тұрғындарына көшеге маскісіз шықпау керектігін ескертуде.
Бала-бақшаларға, бастауыш және орта білім беретін мекемелерге сабақтарды тоқтату ұсынылған.
Өткен аптада ҚХР басшылығы азаматтардың денсаулығына елеулі зиян келтіретін екі мыңнан аса өнеркәсіптік кәсіпорынды жабуды тапсырған.
Пекинде диаметрі 2,5 микрон (ТЧ 2,5) қатты бөлшектердің концентрациясы бір шаршы метрге шаққанда 600 микрограмға жеткен, ал ДДҰ бағалауынша, ол 25 микрограмнан аспауға тиіс.