Аудан әкімі қоластындағыларды християндардың діни рәсімін орындау үшін суға шомылуға шақырған - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аудан әкімі қоластындағыларды християндардың діни рәсімін орындау үшін суға шомылуға шақырған

Аудан әкімі қоластындағыларды християндардың діни рәсімін орындау үшін суға шомылуға шақырған

[wpcode id="1694287"] Павлодар ауданының әкімі Александр Бабенко ауыдан әкімдігінің қызметкерлері мен ауылдық округ әкімдерін 19 қаңтар

  • 11 Қаңтар 2017
  • 1052
Фото - Caravan.kz


Павлодар ауданының әкімі Александр Бабенко ауыдан әкімдігінің қызметкерлері мен ауылдық округ әкімдерін 19 қаңтар күні християндардың діни рәсімін орындау үшін бірге суға шомылуға шақырды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Діни рәсімді орындау кезінде мұздай суға түсуді аудан әкімі осыдан үш жыл бұрын бастаған. Әкімнің бұл дәстүрін әйелі де құптайды. — Ойық мұзға шомылу адамға жақсы көңіл-күй сыйлайды. Дененің барлық организмі күшейіп, энергиясы артады. Осындай діни рәсім кезінде ауарайдың суықтығына қарамастан суға шомылып, содан суық тиіпті дегенді әлі естімедім. Керісінше, бұдан кейін көп уақыт ауырмайсыз, — дейді Александр Бабенко. Айта кету керек, Павлодар ауданында қазіргі таңда 160 адам мемлекеттік қызмет саласында жұмыс істейді.

 

Соңғы жаңалықтар