Әуе компаниясының өкілдері МИ-8 апатына қатысты түсінік берді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әуе компаниясының өкілдері МИ-8 апатына қатысты түсінік берді

Әуе компаниясының өкілдері МИ-8 апатына қатысты түсінік берді

"Евразия-Эйр" әуе компаниясының өкілдері МИ-8 апатына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

  • 1 Қыркүйек 2017
  • 270
Фото - Caravan.kz

Еске сала кетейік, тікұшақ 31 тамызда күндізгі уақытта Ақтөбе облысы Шалқар ауданында құлаған болатын. "Евразия-Эйр" әуе компаниясының Ұшу қызметінің басшысы Төлеген Алдияровтың айтуынша, сол кұні тікұшақ жекеменшік компанияның тапсырмасы бойынша аумақты аралап ұшып шығу жұмыстарын жүргізген.

"Интергаз Орталық Азия" АҚ тапсырмасы бойынша газ құбыры төңірегін аралап ұшып шығу жұмыстары жүргізілген. Қазіргі уақытта экипаж бен жолаушының жағдайы бір қалыпты. Оларға екінші тікұшақ жібердік, сағат 22.30-ға қарай Ақтөбеге ұшып келуі керек. Осы оқиға жайында айтатын болсақ, қазіргі уақытта комиссия құрылды. Комиссия төтенше жағдайға ненің себеп болғанын тексереді", — деді ол.


 

Соңғы жаңалықтар