Ауғанстанда тағы жер сілкінді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауғанстанда тағы жер сілкінді

Ауғанстанда тағы жер сілкінді

Құрбандар мен қираған ғимараттар туралы деректер әлі жоқ.

  • 15 Қазан 2023
  • 8
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа портал Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ауғанстанның батысында магнитудасы 6,4 жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC).

Сейсмологтардың айтуынша, жер сілкінісі Герат қаласынан солтүстік-батысқа қарай 32 шақырым жерде бүгін, 15 қазанда сағат UTC уақыты бойы 03:36-да болған (6.36 мск).

Ошақ 10 шақырым тереңдікте орналасқан. Қазірге зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ.

Герат провинциясында 11 қазанда ғана жер сілкінген болатын.