Ол, үстіміздегі жылы 8 бағыттың қамтылғандығын еске сала кетті. «Қосалқы құн салығын төлеуге қатысты жеңілдіктер алған осы сегіз сала бойынша салық түсімінің көлемі екі есеге өскен, және де біз осы тәжірибені жалғастыруға тиіспіз»,- деп атап көрсетті ол.
Сонымен қатар, министрдің атап өтуінше, мал шаруашылығының өнімдерін өндіру үшін жем бағасына субсидия бөлу қарастырылған. «Мұндай субсидия бөлу өткен жылы құс етін өндірумен басталған болатын. 2006 жылдың қортындысы бойынша жем арзандатылған құс фабрикаларында құс етінің өсуі 38 пайызды құраған, ал үстіміздегі жылы ол 70 пайызға дейін өскен»,- деп атап өтті А. Есімов.
Ауылшаруашылық министрлігі, артықшылығы басым ауылшаруашылық дақылдарын өсіруге қатысты шығындарды қайтаруға бөлінетін субсидия көлемін өсіруді ұсынып отыр. «Бұл отандық аграрлық саланы мемлекеттік тұрғыдан қолдаудың қомақты шараларының бірі, ол бүгінде біздің ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерімізді азық-түлік қауіпсіздігі мен экспорттық әлеуеттіліктің өсуін қамтамасыз етуге қажетті дақылдарды өңдеуге бағыттайды»,- деп атап көрсетті министр.
Сонымен қатар, Ахметжан Есімовтың хабарлауынша, ауылшаруашылық министрлігі «Қазына» қоры арқылы шағын және орта бизнеске несие беруді қарастырған қаржыны ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу кәсіпорындарына көбірек несиелеуді ұсынады».
«Қайта өңдеу кәсіпорындарының болжамы бойныша келесі жылдың бірінші тоқсанында өңделген қаржыны толтыру үшін 46 млрд теңгеге жуық қаржы қажет. Бірақ қазіргі уақытта банктерде басқа басымдылықтар қойылған»,- деп атап өтті А. Есімов.
«Аталмыш мәселе тез арада шешуді қажет етеді, өйтпеген жағдайда біз қайта өңдеу кәсіпорындарда шикі өнімдерді сатып алатын қаржының болмай қалуына әкеп соқтырады».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті