«Біз келесі жылдың бюджетін нақтылауымыз мүмкін»,- деді Кәрім Мәсімов. «Ауыл шаруашылығын қосымша қаржыландыруды ескере отырып, кейбір параметрлерді қайта қарау керек»,- деп нақтылады ол.
«Менің пайымдауымша, ауылшаруашылығын дамытуға ынталандыру үшін экономикаға қосымша қаржы қую қажет»,- деп атап өтті үкімет басшысы. Ол осы мақсаттарда «тиісті жұмыс тобын» құруды тапсырды. «Бізде ұзақ мерзімді стратегиялық жоспар болуға тиіс. Мен, ауылшаруашылық мәселесі мен ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу мәселелері біздің одан әрі дамуымыздың локомотиві болатындығына сенімдімін»,- деді Кәрім Мәсімов.
Ол сондай-ақ, «алдағы жылы азық-түлік нарығындағы баға саясатының тұрақты болуы үшін барлық шараларды қабылдау» қажет», деп атап көрсетті. «Егер ол үшін кедендік-тариф саясатында қандай да бір өзгерістер қабылдау керек болса, біз оларды қабылдаймыз»,- деді үкімет басшысы. «Біз ауылшаруашылық еліміз және де біз өз азаматтарымыздың қандайда бір қысымшылық көруіне жол бере алмаймыз»,- деп атап көрсетті премьер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті