Ауырып қалды делінген Путин теледидардан көрінді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауырып қалды делінген Путин теледидардан  көрінді

Ауырып қалды делінген Путин теледидардан көрінді

Ресей президенті Владимир Путиннің ел алдында көрінбей кетуі түрлі қауесеттердің тарауына себепкер болды. Әсіресе, Батыс басылымдары алып-қашпа әңгімені үдетті. Ресей басшысы ауруға шалдығыпты деп жатқандар да бар.

  • 14 Наурыз 2015
  • 430
Фото - Caravan.kz

Бірақ бұл ақпаратты Кремль растаған жоқ. Бірақ оның неге ел алдына шықпай жүргенін де түсіндірмеген. Ал жергілікті басылымдар президенттің сырқаттанғаны рас деген мәлімет таратуда. Тек олар Путиннің немен ауырғанын болжап қана айтқан. Жалпы, соңғы рет Ресей президенті 5 наурызда Мәскеуде Италия прьемер-министрі Маттео Ренциді қабылдап, екі ел арасындағы экономикалық бірнеше мәселені талқылаған болатын. Содан кейін көрінбей кеткен. Ал әйелдермен кездесуін бейнетаспаға алдын ала жазып алып көрсеткен дейді ақпарат құралдары. Оның үстіне бұрын Астанада Беларусь, Ресей және Қазақстан басшыларының Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы кездесуі бүгін өтеді деп хабарланған еді. Ол да кейінге шегерілді.