Австралия ұшақ кабинетінде “екі адам” ережесін енгізіп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Австралия ұшақ кабинетінде “екі адам” ережесін енгізіп отыр

Австралия ұшақ кабинетінде “екі адам” ережесін енгізіп отыр

 Австралия билігі елде жұмыс істеп отырған бүкіл компанияларды ереже енгізуге міндеттеді,

  • 30 Наурыз 2015
  • 470
Фото - Caravan.kz


оған орай ұшу кезінде(ұшақта 50-ден аса жолаушы орындық болса), ұшқыштарға кабинада жалғыз қалуға болмайды деп хабарлады Австралияның инфрақұрылым және аймақтық даму министрлігінен.
Ереженің ішкі және халықаралық рейстерге қатысы бар.
Демек, пилоттың бірі уақытша өз орнынан кететін болса, оны экипаж мүшелерінің бірі ауыстыруға тиіс.
Мұндай шаралар Альпада Germanwings компаниясының ұшағы апатқа ұшыраған соң қабылданып отыр, соның салдарынан 150 адам қаза болды. Тергеу болжамына қарағанда, екінші пилот Андреас Любиц кабинада жалғыз қалғанда ұшақты әдейі құлатқан болуы ықтимал.
Алдында осында өзгерістер туралы Канада, Жаңа Зеландия және Еуропаның бірқатар елдері жариялады , оның ішінде Австрия және Германия бар. АҚШ-та бұл ереже Germanwings компаниясының А320 ұшағы апатқа ұшырағанға дейін көптен бері күшіне енгізілген болатын.