Германия мен Австриядан шыққан еріктілер Венгриядағы Таяу Шығыс елдерінен келген мигранттарды жеткізуге көмектеспек, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.
Босқындарды Австрия мен Германияға пойызбен, автобуспен әкетеді. Аталған акцияға қатысушы еріктілердің айтуынша, олар босқындарды Вена маңындағы лагерге жеткізбек.
Соңғы бірнеше күн ішінде Венгрия билігі Будапешт вокзалында жиналған босқындардың Австрия мен Германияға өтуіне мүмкіндік бермеді. Осыдан кейін мигранттар Австрия шекарасына қарай жаяу босып кетті.