Жарияланды: 550

Аягөздің жұмыссыз тұрғындары адамдарды атпен тасымалдауды ұйғарды

Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында ат-таксилер пайда болды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Осындай қоғамдық көлік түрін іске қосу туралы бастаманы Аягөз тұрғыны Сәбит Шектібаев көтерген көрінеді. Локомотивтік деподан жұмыстан шығып қалған ол тығырықтан шығу үшін тың идея ойлап тапса керек. Сөйтіп, өзі секілді жұмыссыздардың басын қосқан Шектібаев адамдар мен жүктерді атпен тасымалдауға кірісті. Аягөз - шағын қала болғандықтан олардың "ат-таксиінің" қызмет құны да тым қымбат емес, қаланың бір шетінен екіншісіне адам немесе жүк тасымалдау бағасы 50 теңгеден аспайды. Шектібаевтың айтуынша, такси ретінде жылқылар тіптен тиімді болып шыққан. Біріншіден, бұл - экологиялық таза көлік түрі болса, екіншіден, отынның орнына небәрі бағасы 100 теңгелік жалғыз тай шөп болса жетіп жатыр, өзі жанармайдан анағұрлым арзан. "Таксистердің" бағамдауынша, адамдар олардың қызметін көбінесе ағаш-отын немесе жиҺаз тасымалдауда жиі қолданады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін