Аяз әлі де болады: синоптиктер үш күнге болжам жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 512.32
  • 582.92
+19 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аяз әлі де болады: синоптиктер үш күнге болжам жасады

Аяз әлі де болады: синоптиктер үш күнге болжам жасады

 Қазгидромет мамандары 10-12 наурызға ауа райын болжады.

  • 9 Наурыз 2022
  • 11
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Синоптиктер ақпаратына сәйкес, бұл күндері елдің солтүстігінде жауын-шашын жаумайды, алайда ауа температурасы өте төмен болады.

Түнде бұл аймақтардағы термометр бағандары 17…28C аязға дейін төмендейді. Еліміздің батысы мен оңтүстігінде жауын-шашын жауады, республиканың батыс аймақтарында қар жауады, боран болады.

Елдің оңтүстігінде жаңбыр жауады, ал таулы, тау бөктеріндегі аудандарда қатты жауын-шашын жауып, тұман, көктайғақ болады. Сондай-ақ 15-20 м/с дейін жел күшейіп, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.

Ірі қалалардағы ауа райы


Елордада 10-12 ақпанда күн бұлтты болады. Түнде ауа температуарсы -13…-16C дейін төмендейді, күндіз -8…-10C болады.

Алматыда 10-12 наурызда күн бұлтты болып, жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +3…+7C көрсетсе, күндіз +10…+11C болады.

Шымкентте 10-11 наурызда жаңбыр жауады, түнде +4…+8C, күндіз +16…+18C көрсетеді. 12 наурызда жаңбыр қатты жауады, түнде +9C, күндіз +18C болады.