Әзербайжан Еуропаға тасымалданатын электр қуатының транзиті үшін өңірде айналма қуат тізбегін құруды қолдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әзербайжан Еуропаға тасымалданатын электр қуатының транзиті үшін өңірде айналма қуат тізбегін құруды қолдайды

Әзербайжан Еуропаға тасымалданатын электр қуатының транзиті үшін өңірде айналма қуат тізбегін құруды қолдайды

Баку. 17 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Әзербайжан Еуропаға тасымалданатын электр қуатының транзиті үшін Каспий өңірінде айналма қуат тізбегін құруды ұсынады, деп сейсенбі күні Иранның энергетика министрі Парвиз Фатахпен кездесуден кейін Әзербайжанның өнеркәсіп және энергетика министрі Натик Алиев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 18 Маусым 2008
  • 562
Фото - Caravan.kz

Министрдің атап көрсеткеніндей, бұл мәселені ол бүгін Бакуге екі күндік сапармен келген Иранның энергетика министрі П. Фатахпен бірге талқылаған.

«Біз Иранмен бірге Ресей, Әзербайжан, Иран, Түркия мен Грузияны қамтитын энергетикалық айналма тізбегін құру жөніндегі жаңа концепцияны жасаудамыз. Біз бұл жобаны жүзеге асыру біздің елдеріміз үшін аса маңызды деп есептейміз. Себебі, мұндай энергия тізбегінің болуы бізге электр қуатын Еуропаға да тасымалдауға мүмкіндік береді», — деді Н. Алиев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті