Әзербайжанда мұнай платформасындағы өрттен қаза тапқандар саны 7-ге жетті
![]() |
Әзербайжанда Каспий теңізіндегі «Гюнешли» мұнай платформасында болған өрттен із-түзсіз жоғалған 29 адамның алтауының мәйіті табылды. |
Осылайша қаза болғандар саны 7 адамға жетті, деп хабарлады 24.kz.
Марқұмдардың денесін Төтенше жағдайлар қызметінің тікұшағы оқиға орнынан 60-70 шақырым қашықтықтан тапқан. Ал табылмаған 23 жан әлі күнге жоғалғандар санатында. Десе де осыған дейін тағы бір кісінің қаза тапқаны туралы айтылған болатын. Құтқарушылар оның денесін теңізден тауып алған-мыс. Алайда бұл ақпарат әлі расталған жоқ. Жоғалғандарды іздеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін