Ә.Жақсыбеков мемлекеттік балабақшалардың ақысын қымбаттатуды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ә.Жақсыбеков мемлекеттік балабақшалардың ақысын қымбаттатуды ұсынды

Ә.Жақсыбеков мемлекеттік балабақшалардың ақысын қымбаттатуды ұсынды

Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков Білім және ғылым министрлігі мен қалалық білім басқармасының басшылығына

  • 20 Тамыз 2015
  • 504
Фото - Caravan.kz

мемлекеттік балабақшалардың ақысын өсіру мәселесін қарау керек деген ұсыныс айтты.

Астана әкімінің айтуынша, қалада бала туу көрсеткіші артып келеді, сондай-ақ өңір-өңірден жас балалары бар отбасылар да көп қоныс аударуда. Және де Астана —  өңірлер арасында мектепалды білімді ең арзан бағамын ұсынып отырған қала болып саналады.

«Сондықтан, ҚР Білім және ғылым министрлігіне Астана қаласының білім басқармасымен бірлесе отырып, мемлекеттік балабақшалардағы тәрбие мен оқу ақысын қымбаттату  мәселесін қарауды ұсынамын. Тиісті өзгерістерді нормативік актілерге сәйкес енгізу керек»,-деді тамыз кеңесінің барысында елорда әкімі.

Ә.Жақсыбеков бұл бір жағынан осы саладағы қызметкерлердің жалақысын арттыруға септігін тигізсе, екінші жағынан қалада мектепалды білім берудің бірыңғай жүйесін құруға ықпал етеді.