Жарияланды: 490

Азық-түлік бағасы соңғы үш аптада 30 теңгеге көтерілді

Ал азық-түлік бағасы қадағалауға көнер емес! Тіпті күн сайын құны шарықтап жатқан тауарлар да баршылық. Импортты айтпағанда, отандық өндірушілердің өзі өнім ақысын 20 пайызға еселетіп жіберген. Мәселен, ең көп тұтынатын азық түрлері – ұн, сұйық май, ет, қант және сүт бағасы соңғы үш апта ішінде 30 теңгеге дейін көтеріліп отыр.

Доллар өсті дегенше қымбатшылық келді десейші! Бұл қашаннан әдетке айналған қағидаттың бірі. Бірақ бұл жолығы өсімнің созылмалы болатын түрі бар. Себебі АҚШ көк қағазының әлі де бағамы тұрақсыз. Әрине, бұдан опық жеп қалмауға ең бірінші кәсіпкерлер мүдделі. Тіпті отандық өндірушілер де. Сондықтау тауар бірінің артынан бірі өсіп жатыр. Мәселен: (ТАБЛИЦА: Азық-түлік бағасының соңғы қымбаттау көрсеткіші) Ет – 12 %, сұйық май – 10 %, ұн – 5 %, сүт – 20 %, қант – 18 %, көкөніс – 7-30 %-ды көрсетіп тұр.

Үмітхан Жүнісбекова, сатушы:

- 6 пайыздық сүт 230 теңге болса, қазір 320 теңге. Барлығы қымбаттап жатыр. Кешіріңіздер біздің салығымызды, арендамызды фирмалары  төлеп жатқан жоқ!

Өспеген әзірге тек жалақы ғана. Сондықтан жұрттың наразылығы орынды.   

Тараз базары...

- Бәрі арзан емес, түгел қымбаттап кеткен. Қымбат бәрі. Мен жақында ғана бір қап шекерді 3 мың 500 теңгеге алғанмын. Міне, қазір ғана 4 мың 400-ге алдым. Қызанақ та солай. Бұлардың бәрі өзіміздің қазақстандыкі ғой, тіпті Жамбыл облысыныкі. Неге оны қымбат сатады? 

Азық-түліктің ішінде қанттың мәселесі тіптен бөлек. Бұл тауардың қымбаттағаны өз алдына, оның өткен апталарда дүкен сөрелерінен мүлдем жоғалып кеткені де бар. Кәсіпкерлер мұның себебін импорттық жүйемен байланыстырып отыр. Яғни тәттіні жасауға қажетті қоспалардың бірі Қазақстанға сонау Бразилиядан жеткізіледі екен.

Евгения Сальникова , Петропавл қалалық кәсіпкерлікті дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

- 31 тамыз күні біздің облысқа  бір вагон қант келді. Қазір ірі сауда  орындарына таратылып  жатыр. Бүгін -ертең тағы бір вагонын күтіп отырмыз. Бағасы қымбаттаса да, тапшылықты болдырмауға тырысамыз.

Қымбаттағандардың қатарында құрылыс тауарлары да бар. Мәселен, Еуропа мен Қытайдан келетін түсқағаздан бастап, темір шатырлардың бағасы да шамамен 40 пайызға өскен. 15 күн бұрын құтысы 1500 теңге тұрған бояулар қазір базарда 2 мыңнан сатылуда. Шымкентте үй құрылысын бастағандар жарты жолда еріксіз жұмысын доғаруға мәжбүр. 

Әлімхан Дүйсенғалиев, Шымкент қаласының тұрғыны:

- Басында черепицаның өзі шаршы метрі 1450 теңгеден болатын. Қазір 1700 болып кетті. 25 мың деп тұрған пластик есіктер 45-50 мың боп кетті. Соның арқасында қазір менің құрылысым тоқтап, білмеймін не істерімді. 2-3-4 жылға тоқтап қалған сияқты ғой!

Бағаның өсуі бұдан бөлек коммуналдық қызмет ақысына да қатысты. Бұдан былай ыстық су мен суық су, жылу және көгілдір отынның тарифі еселене түсбек. Әрине, өсім киім-кешекке саудасында да бар. Ал еркін айналымда жүрген доллар бағамының бүгінгі көрсеткіші 239 теңге шамасында. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін