Жарияланды: 400

Азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу үшін тиісті шаралар жүргізілуде

Азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу үшін тиісті шаралар жүргізілуде

 Азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу үшін тиісті шаралар атқарылып жатыр.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Астана әкімінің орынбасары Андрей Лукин мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе биылғы қаңтар мен қазан аралығында Астананың астық өндіретін кәсіпорындарына мемлекеттік резервтен бекітілген бағамен азық-түлік бидайын жеткізу бағдарламасы іске асырылуда. Ағымдағы жылы осы бағдарламаға «Цесна Астық» және «Табыс 2009» секілді астық өңдейтін екі кәсіпорын қатысуда.

Сонымен қатар нарықта бағаны қадағалау мақсатында қала әкімдігі мен сауда нысандары арасында меморадумдар бекітілді.

Биыл аталған меморандумға жиырмадан астам кәсіпорындар, базарлар мен супермаркеттер, сауда желілері қол қойды. Осы орайда өнімнің түріне қарай үстеменің көлемі  шамамен 10-15 пайызды қамтып отыр.

Мұнымен қоса, әкімдік өндірілген өнімге бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша Ақмола облысының ірі өндірушілерімен және Қазақстан құс өсірушілері қауымдастығымен меморандумдар бекіткен екен.

Осы орайда А. Лукин аталған меморандумдардағы талаптардың орындалуын айқындау мақсатында сауда нысандарында бөлшек бағаларға күнделікті монитринг жүргізіліп жатқандығын атап өтті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін