«Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізілді
![]() |
ҚР энергетика министрінің «Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізілді. |
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің бұйрығы
Астана қаласы 2015 жылғы 4 қыркүйек, №556
«Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы №183 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы №183 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің мемлекеттік тізілімінде № 9959 болып тіркелген, 2015 жылдың 16 сәуірінде №69 (28547) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі В.ШКОЛЬНИК.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 4 қыркүйек №556 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы №183 бұйрығымен бекітілді
Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесі
1) Аи-80 маркалы бензин, бөлшек сауда арқылы өткізу;
2) дизель отыны (жазғы, маусымаралық),бөлшек сауда арқылы өткізу.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін