Жарияланды: 710

Байкер Д.Петрухин «Қазақ хандығы 550 жыл» байрағын Өскеменге жеткізді (ФОТО)

Байкер Д.Петрухин «Қазақ хандығы 550 жыл» байрағын Өскеменге жеткізді (ФОТО)

7 қыркүйек күні Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығына орай өтіп жатқан мотошеруге қатысушы байкерлер Өскемен қаласына жетті. Шараны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақстан географиялық қоғамының» президенті, Қазақстан байкерлері Ассоциациясының президенті, әлемге танымал саяхатшы, байкер Дмитрий Петрухиннің бастамасымен ұйымдастырып отыр. 

Қала белсенділері мотошеру қатысушыларын Оқушылар шығармашылығы сарайының алдындағы алаңда қарсы алды. Бұл жерде патриоттық туды тапсыру рәсімі өтті. Д. Петрухин туды Өскемен қаласының әкімі Темірбек Қасымжановқа өз қолымен табыстады.

«Бүгін ұлы Абай, Шәкәрім, Мұқтар жері Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мотошеруді қарсы алып жатыр. Біз патриоттық туды қазақ халқының құрылуы мен мемлекет рухының күшею символы ретінде салтанатты түрде қабылдап жатырмыз. Байкерлерімізге патриотизм мен белсенді өмірлік ұстанымдары үшін үлкен алғысымды білдіре отырып, сіздерге ақ жол, жетістіктер және сәттілік тілеймін», - деді өз сөзінде облыс орталығының басшысы.

Әйгілі саяхатшы өз кезегінде қонақжайлық үшін алғысын білдіріп, Өскемен тұрғындары мен қонақтарын қала күнімен құттықтады: «Өскемен тұрғындары бізді жылы қарсы алды. Шын жүректен Өскемен және оның тұрғындарына әрі қарайғы гүлдену тілейміз», - деді ол.
Туды табыстау рәсімі аяқталған соң, мотошеру қатысушылары қаланың негізгі көрікті жерлерін аралап шықты: Абай ескерткіші, Даңқ Мемориалына гүл шоқтарын қойып, «Қазақстан» тауы мен СЭС барып келді.

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мотошеру тамыры тереңге кеткен Қазақтсан тарихының құрметіне ұйымдастырылып отыр. Аталған мерейтой аясындағы бірқатар ірі шаралардың қатарында өтіп жатқан ең ірі мотошерулердің бірі бабаларымыздың өткен жолын қайталап келе жатыр. Мотошеру барлық қалаларды аралап, 45 астам күнге жалғасады. Мотошеру Алматы қаласында басталып, бүгінде оны Қарағанды, Теміртау, Павлодар, Семей, Өскемен қалаларын аралап шықты. Енді ол Астана, Көкшетау, Қостанай, Ақтөбе, Арал, Байқоңыр, Қызылорда, Түркістан, Шымкент және Тараз бағдарымен жол ұстайды.

null
 

null
 

null

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін