Ақпарат көзінің хабарлауынша, «№92А-50 алаңның монтаж-сынақ корпусында Решетнев атындағы қолданбалы механикалық ғылыми-өндірістік бірлестігінің мамандары үш бірдей «Глонасс-М» ғарыштық аппараттарының блоктарын құрастыруда. Сонымен бірге ДМ үдеткіш блогы «Глонасс-М» жер серіктері блогымен түйістіруге дайын.
Сонымен біруақытта «Глонасс-М» жер серіктерін ұшыру үшін «Протон-М» зымыран тасығышын дайындау жұмыстары жалғасуда.
«Протон-М» зымыран тасығышының көмегімен «Глонасс-М» үш жер серігін ұшыру ағымдағы жылдың 26 желтоқсанында Астана уақытымен 1 сағат 32 минутқа межеленген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті