Бүгін жанармай құю станциясында ғарыш айлағының қызметкерлері кеме козғалтқышына отын мен сұйытылған газ құю жұмыстарына кірісті. Отын құю операциясы екі күнге жалғасып, ғарыш кемесі монтаждық-сынақ корпусына жеткізілгеннен соң, ұшырылу жұмыстарының дайындығы одан әрі жалғастырылады.
Бүгінде жұмыстар жоспар бойынша өткізіліп, алдағы аптада «Прогресс» орбитаға жеткізілетін жүк және құрал — жабдықтар орнатылып, қойылу жоспарланған. «Прогресс М-62» ХҒС азық-түлік, жеміс-жидек, су, ғылыми құрал -жабдықтар және халықаралық ғарыш стансасының орбитасын қолдау үшін отын жеткізеді.
Ғарыштық жүк көлігі тиелгеннен кейін, «Прогресс М-62» жүк кемесін «Союз-У» зымыран тасығышымен түйістіру үшін, монтаждық — сынақ корпусының №112 алаңына жөнелтіледі.
«Прогресс М-62» жүк көлік кемесі мен «Союз-У» зымыран тасығышын №1 алаңынан ұшыру 2007 жылдың 23-желтоқсанында Астана уақыты бойынша 13.23 межеленген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті