Жарияланды: 470

Байқоңырда Ресейдің "Экпресс-МД-1" және "Экспресс-АМ44" жер серіктерін ұшыруға арналған "Протон-М" зымыран тасығышын ұшырылымға дайындау жұмыстары басталды

Байқоңыр. 2 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Ресейдің "Экпресс-МД-1" және "Экспресс-АМ44" жер серіктерін ұшыруға арналған "Протон-М" зымыран тасығышын ұшырылымға дайындау жұмыстары басталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Федералдық ғарыш агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, №92-50 алаңның монтаж-сынақ корпусында М. Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығының Зымыран-ғарыштық техниканы пайдалану жөніндегі зауытының мамандары Экпресс-МД-1" және "Экспресс-АМ44" жер серіктерін ұшыруға арналған "Протон-М" зымыран тасығышын құрастыруға кірісті. Қазір ғарыштық аппараттар зауытта ұшырылым алындағы тексеруден өткізіліп, ғарыш айлағына жіберуге дайындалуда. "Экспресс-МД-1" ғарыштық аппараты 2006 - 2015 жылдарға арналған Федералдық ғарыштық бағдарлама аясында "Ғарыштық байланыстар" ФМҰБ тапсырысы бойынша жасалған. Жер серігі үздіксіз спутниктік байланыс орнату мен Ресейде хабар таратуға арналған. "Экспресс-МД-1" ғарыштық аппаратымен бірге "Экспресс-АМ44" атты тағы бір байланыс жер серігі ұшырыоымға дайындалуда. Ресейдің "Экпресс-МД-1" және "Экспресс-АМ44" жер серіктерін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышын 2009 жылдың басында ұшыру жоспарланған. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін