Жарияланды: 610

Байқоңырда Ресейдің навигациялық үш "Глонасс-М" атты жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымға дайындығы басталды

Байқоңыр. 7 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Ресейдің навигациялық үш "Глонасс-М" атты жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымға дайындығы басталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Роскосмос" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Байқоңыр" федералдық ғарыш орталығы мен Транспорттық-химиялық машина жасау жөніндегі конструкторлық бюросының сынақтар және пайдалану жөніндегі орталығының мамандары №31 алаңның жанармай құю станциясын "Глонасс-М" ғарыштық аппараттарының қозғалтқыштарына жанармай құюға дайындай бастады. Ресейдің Железногорск қаласындағы "Академик М.Решетнев атындағы ақпараттық жер серіктері жүйесі" ААҚ кәсіпорнында жасалған "Глонасс-М" жер серіктері келесі аптада жеткізіледі деп күтілуде. Ғарыш айлағына "Глонасс-М" жер серіктері жеткізілген соң оларды белгіленген кесте бойынша дайындау басталады. Ал осы уақытта Байқоңырдағы В.Бармин атындағы Жалпы машина жасау жөніндегі конструкторлық бюросының сынақтар және пайдалану жөніндегі орталығының мамандары №81 алаңдағы "Протон" ұшырылым қондырғысын дайындай бастады, ол жерден "Протон-М" зымыран тасығышы "Глонасс-М" жер серіктерін алып ұшады. "Глонасс-М" ғарыш аппараты академик М. Решетнев атындағы Ғылыми-өндірістік қолданбалы механика бірлестігінде жасалған және ол ГЛОНАСС ресейлік навигациялық жүйесінің аппараттар топтамасын толықтыруға тиіс. 24 ғарыш аппаратынан құралған топ 2008 жылы толығуға тиіс. Жүйеге шетелдік тұтынушылар 2009 жылы ғана қол жеткізе алады. ГЛОНАСС жүйесін дамыту Ресей үшін де, Қазақстан үшін де стратегиялық мәнге ие. Ғарыш бағдарламаларының аясында Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының арасында ГЛОНАСС жобасына бірлесе қатысу туралы келісім жасалған. Ресейдің навигациялық үш "Глонасс-М" атты жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымы 25 қыркүйекке межеленген. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть