Байқоңырдан «Прогресс» ғарыш жүккемесімен «Союз-У» зымыран тасығышы ұшырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырдан «Прогресс» ғарыш жүккемесімен «Союз-У» зымыран тасығышы ұшырылды

Байқоңырдан «Прогресс» ғарыш жүккемесімен «Союз-У» зымыран тасығышы ұшырылды

Байқоңырдан 24 шілде күні 01:44 мск уақытымен "Прогресс М-24М" ғарыш жүккемесін тиеген "Союз-У" зымыран тасығышы сәтті ұшырылды, деп хабарлады Ресей ғарыш агенттігінен.

  • 24 Шiлде 2014
  • 1110
Фото - Caravan.kz

01:53-те (мск) "Прогресс М-24М" ғарыш жүккемесі зымыран тасығыштың үшінші кезеңдік бөлігінен жасанды жер серігі орбитасында ажырады.

"Прогресс М-24М-нің" Халықаралық ғарыш стансасына тіркелу уақыты 24 шілде күні 07:30-ға (мск) жоспарланған, деп хабарлайды РБК.

"Прогресс М-24М" әуе жүккемесі халықаралық ғарыш стансасына шамамен 2,3 тонна жүк жеткізуі тиіс. Оның ішінде оттегі, жанармай, азық-түлік, ғылыми зерттеу жұмыстарына арналған апаратуралар мен экипаж мүшелеріне арналған сәлемдемелер кіреді.