Жарияланды: 410

Байқоңырдан "Союз" зымыран тасығышы ұшырылды

12-тамызда Астана уақыты бойынша 21 сағат 20 минутта Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз" зымыран тасығышы ұшырылды.

ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлауынша, ғарыш кемесін ұшыру қалыпты жағдайда жүзеге асырылған. Зымыран тасығышты ұшыруға байланысты қандай да бір қауіп-қатер мен залал-зардапты жою мақсатымен корабль ұшырылғанға дейінгі 2 сағат және ұшырылғаннан кейінгі бір сағат ішінде Ақмола, Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының апаттан құтқару күштері мен құралдары жоғары дайындық жағдайына келтірілді. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Союз" зымыран тасығышы Ресей қорғаныс министрлігінің мүддесі үшін ұшырылып отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть