Баку-Тбилиси-Жейхан Әзербайжан мен Қазақстанның экономикалық дамуында және олардың әлемдік энергетикалық кеңістікке интеграциялануында маңызды роль атқарады - Тоқаев - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баку-Тбилиси-Жейхан Әзербайжан мен Қазақстанның экономикалық дамуында және олардың әлемдік энергетикалық кеңістікке интеграциялануында маңызды роль атқарады - Тоқаев

Баку-Тбилиси-Жейхан Әзербайжан мен Қазақстанның экономикалық дамуында және олардың әлемдік энергетикалық кеңістікке интеграциялануында маңызды роль атқарады - Тоқаев

Баку. 19 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбыры Әзербайжан мен Қазақстанның экономикалық дамуында және олардың әлемдік энергетикалық кеңістікке интеграциялануында маңызды роль атқарады. Әзербайжан Милли Меджлисінің 90 жылдығына арналған салтанатты шарада сөз сөйлеген Қазақстан парламенті сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 20 Маусым 2008
  • 400
Фото - Caravan.kz

Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбыры 2006 жылы пайдалануға берілген.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Баку-Тбилиси-Жейхан бағытындағы мұнай құбыры жобасына қатысушы компаниялар мен олардың үлесі мынадай : BP — 30,1%, ГНКАР — 25%, Unocal — 8,90%, Statoil — 8,71%, TPAO — 6,53%, ENI — 5%, Itochu — 3,40%, ConocoPhillips — 2,50%, INPEX — 2,5%, TotalFinaElf — 5% және Amerada Hess — 2,36%.

Баку-Тбилиси-Жейхан негізгі экспорттық мұнай құбырының жалпы ұзындығы 1767 шақырымды құраса, оның 443 шақырымы -Әзербайжан, 248 шақырымы Грузия, 1076 шақырымы Түркия арқылы өтеді. Құбырдың өткізгіштің қабілеті жылына 50 млн. тоннаны құрайды.

Қазіргі жағдаймен Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбыры арқылы 53 млн тонна мұнай мен конденсат тасымалданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті