Жарияланды: 400

Баку-Тбилиси-Жейхан жобасы бойынша бірінші қоғамдық тыңдау Түркияда өтеді

Бүгін, 26-тамызда Түркияның Эрзурум қаласында Баку-Тбилиси-Жейхан негізгі экспорттық құбыр жобасы бойынша бірінші қоғамдық тыңдау өтеді. Бұл жобаны Еуропалық қайта құру және даму банкі мен Халықаралық қаржы корпорациясы қаржыландырып отырғаны белгілі. Бұл туралы Media-Press хабарламасынан мәлім болды.

Еуропалық қайта құру және даму банкі мен Халықаралық қаржы корпорациясы барлығы осындай алты тыңдау өткізбекші. Екі тыңдау 26-28 тамызда Түркияның Эрзурум және Адан қалаларында, ал 1-4 қыркүйекте Әзербайжандағы Гянджа және Баку қалаларында, 8-11 қыркүйекте Грузияның Боржоми және Тбилиси қалаларында өтеді. Аталмыш тыңдаулардың қорытындысы бойынша 120 күннен кейін қаржылық институттар Баку-Тбилиси-Жейхан құбырын салуға несие ретінде елдердің әрқайсысына 150 млн. доллардан, сондай-ақ, Азери-Чираг-Гюнешли кеніштерін өңдеудің "Фаза-1" сатысын қаржыландыруға әрқайсысына 100 млн. доллардан бөлу туралы ақырғы шешім қабылдайды. Маусымның соңында ВТС Со. (Baku -Tbilisi -Ceyhan) консорциумына қатысушы компаниялардың Баку-Тбилиси-Жейхан құбырын салуға арнаған қаржысы түгесілген. Жобаға қатысушылардың барлығы да қазір оны жүзеге асыруға ішкі қорларын жұмсауда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть