Елдің оңтүстік аймағында қазір көлік қозғалысы тоқтатылған. Себебі адам бойымен бірдей қарда жүруге мүмкіндік жоқ. Сондай-ақ ағаштар құлап, жер-жерлерде электр және байланыс сымдарын зақымдаған. Ал таулы аймақтарда қар көшкіні жүріп, 4 адам мерт болды. Осыған ұқсас жағдай Сербияда да болды. Жолдарды тазарту жұмысына арнайы техниканың барлығы шығарылып, олар күндіз-түні жұмыс істеуде. Бірақ бұдан жағдай оңала қоймады. Бірнеше елді мекенге баратын жолдар әлі де ашылмай тұр.