Балқаш ЖЭС техникалық-экономикалық негіздемесі сараптамадан өтті - "Samruk-Energy" - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балқаш ЖЭС техникалық-экономикалық негіздемесі сараптамадан өтті - "Samruk-Energy"

Балқаш ЖЭС техникалық-экономикалық негіздемесі сараптамадан өтті - "Samruk-Energy"

Астана. 6 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Балқаш ЖЭС техникалық-экономикалық негіздемесі сараптамадан өтті. Бұл туралы журналистерге берген сұхбатында "Samruk-Energy" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Есберген Әбітаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 6 Маусым 2008
  • 528
Фото - Caravan.kz

«Балқаш пен Мойнақ станциялары іске қосылғанға дейін оңтүстікті энергиямен қамтамасыз ету тығыз режимде жүргізілмек. Сондықтан, президент тапсырмасына орай, Балқаш жылу энергетикалық станциясының техникалық-экономикалық негіздемесі жасалынды», — деп еске салды Е. Әбітаев.

«Қазір осы ЖЭО мемлекеттік сараптамасының мәселесі шешілу үстінде. Таяуда ғана соңғы экологиялық сараптамадан өттік. Енді Индустрия және сауда министрлігінің құрылыс комитеті беруі тиіс қорытынды ғана қалды», — деды ол.

«Біз бұл станция алдағы 10-15 жылда оңтүстіктің энергия тапшылығын сездірмеуге мүмкіндік береді деп үміттенеміз», — деп сөзін түйді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті