Қарағанды облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті қызметкерлері тапсырыспен кісі өлтірмек болған әйелді құрықтады.
ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, 23-ақпан күні полицияға Балқаш қаласында тұратын 59 жастағы әйелдің танысын өлтірту үшін адам іздеп жүргені туралы хабар келіп түскен.
«Тапсырысты жасайтын адам ретінде ІІД ҰҚҚК басқармасы қызметкері жіберілді. Кездесуде әйел өзі ұнатпайтын 36 жастағы танысын өлтіруді сұраған» көрінеді.
«Киллерге» 100 мың теңге көлемінде алдын ала төлем төлеген тапсырыс беруші, қылмыстың жасалғанын дәлелдеу үшін мәйіттің суретін әкеліп көрсетуді талап етіпті.
Әйел 3-наурыз күні «тапсырысты орындаушыға» қалған 400 мың теңгені беру барысында тұтқындалды. Қазір ол уақытша оқшаулағышта отыр.