Жарияланды: 3500

“Бәріне бірдей не болған?”: Жұлдыздар жаппай Түркиядан үй алып, Қазақстаннан көшіп жатыр

“Бәріне бірдей не болған?”: Жұлдыздар жаппай Түркиядан үй алып, Қазақстаннан көшіп жатыр

Өзінің екінші күйеуін көрсетіп, елдің аузынан түспей жүрген Алтынай Досжанова өзінің Түркиядан пәтер алып жатқанын айтты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ERNUR.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Мұны оқыған желі қолданушылары бір жағынан құтты болсын айтса, тағы бір бөлігі алаңдайтынындарын жазған. Өйткені соңғы кезде танымал адамдардың Түркиядан пәтер алуы жиілеген. 

Алтынай Жорабаеваның да пәтер алғанын естіген оқыррмандар “Бір-бірінен қалмауы керек”, “Елімізде де осындай үйлер бар ғой” деген сынды пікірлер жазған.

"1000 еуро ақшалай сыйлық жасайтын болды": Қыдырәлі мен Қарақат не үшін Түркиядан үй сатып алмақшы

Еске салсақ, Caravan.kz медиа порталы бұған дейін белгілі жұп Қыдырәлі мен ҚарақаттыңТүркияның Алания қаласынан сатып алғанға үй іздеуді бастағанын жазған боатын.

"Алания қаласына келгендегі мақсатымыздың бірі,үй қарау болатын.Біздің үлкен отбасы үшін қонақ үйге тоқтау тиімсіз екенін ұқтық.
20 жылда демалысқа кеткен ақшаны есептесек, осы күнде Аланиядан 5-6 пәтер алатындай қаражат жұмсаған екенбіз", деген еді әншілер.

Алайда жұлдызды бұл жұптың да аталған шешімдерін көпшілік қолдай қомайды. Кейбірі әлде бір жағдай бола қалса шетелге кетуге дайындық па десе, енді бірі "намыс" жоқ деп сынады.Тағы бір оқырмандар түріктерді "жарнамалап жатырсыңдар" деп ренжігені есімізде. Тіпті кейбір оқырмандар "Қанша дегенмен билікке жақын адамдарсыңдар ғой, бірдеңенің болатынын білетін шығар" деп болжады.


 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін