Басшының мінезі қызметкердің денсаулығына әсер етеді - ғалымдар
![]() |
АҚШ ғалымдары басшылар өз қоластында қызмет ететін адамдарға жұмсағырақ қатынасқаны жөн деген қорытындыға келді. |
Олай істемеген жағдайда қызметкерлерде ішкі қарсылық туындап, соның салдарынан жиі ауыратын болады-мыс. Зерттеу - басшының мінезі қызметкердің денсаулығына әсер ететінін көрсеткен.
Зерттеуге 220-дан астам адам қатысқан. Ғалымдар олардың оған дейін қанша рет және қандай аурулармен ауырғанын, басшыларымен қандай қарым-қатынаста болғанын зерттеген. Нәтижесінде басшысы қатал қызметкерлердің жиі ауырғаны белгілі болған, деп жазады argumenti.ru.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін