Жарияланды: 12200

"Басын жарып ұрған көрінеді": Белгілі заңгер Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың отставкаға кетуін талап етті

"Басын жарып ұрған көрінеді": Белгілі заңгер Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың отставкаға кетуін талап етті Сурет - tengrinews.kz

Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, заңгер Айгүл Орынбек  Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың отставкаға кетуін талап етті.

Өйткені заңгер Орынбектің айтуынша  тәртіп сақшылары жасамаған қылмысты мойынға ілу үшін  түрлі қитұрқы амалдарға баратын көрінеді, деп жазды Caravan.kz медиа-порталы аталған парақшаға сілтеме жасап. 

Ерлан Тұрғымбаев отставкіге кетсін!

Жүйені өзгерте алмайсыз ба Ерлан мырза!? Отставкіге кетіңіз!
Маңғыстау облысы , Мұнайлы ауданында болған оқиға мал ұрлығын ұрып мойындату! Адамды бүйрегінен айырып, қолдан мүгедек жасау!
Бұл тек бір облыста болып жатқан дүние емес!
Түркістан облысы, Түркістан қаласында осыдан үш күн бұрын шырылдап бір ана звондады! Баламды ұйықтап жатқан жерінен алып кетті, баласына полиция қызметкерлері қалпақ әкеліп бер деген екен! Баласына кірсе басы жарылған, басқа да мал ұрлығы бойынша қылмыстық істерді мойнына ал деген! Баласы алмаймын деген соң, басын жарып ұрған көрінеді! Дәл осындай оқиға Созақта болған “мал ұрлығын мойныңа ал”-деп ұрған соққан, ақыры аяғында 1500000 беріп құтылған! Бәріне айғағым бар, көмек сұрап жазған аналардың хаты бар! Кентау қаласында мал ұрлаған ұрыны ұстап апарып бергенде, полиция қызметкерлері жіберіп жіберген! Сонда нағыз ұрылар көшеде, ал кішкентай балалар жалғыз қаншама қылмысты мойнына алып кету керек пе? Ал енді осыдан кейін полицияда реформа болып жатыр, халықтың құқығы сақталып жатыр, қауіпсіздігіміз күшейді деп қалай айтамыз?
Егер жұмысыңызды істей алмайсыз ба, орныңызды істей алатын адамға беріңіз! Әр министрдің еркелігін көтеріп жүретін уақыт жоқ!
Бүкіл халықты кейбір бандит қызметкерлеріңіз қырып жібермей тұрғанда орныңызды босатқаныңыз дұрыс ау!, -деп жазды ол. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін