Батыс пен РФ-ның бір-біріне санкция қойып қарсыласуы еш пайда әкелмейді - Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс пен РФ-ның бір-біріне санкция қойып қарсыласуы еш пайда әкелмейді - Назарбаев

Батыс пен РФ-ның бір-біріне санкция қойып қарсыласуы еш пайда әкелмейді - Назарбаев

Батыс пен Ресейдің бір-біріне санкция қойып қарсыласуы екі жаққа да пайда әкелмейді, деп санайды Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

  • 24 Қараша 2014
  • 496
Фото - Caravan.kz


"Біз халықаралық тақырыпты да талқыладық, оның ішінде Таяу Шығыстағы терроризм, украиналық дағдарыс, Еуропа мен Ресейдің қарсыласу мәселелері бар, тұтас алғанда, ол қарсыластықтан ешкімге пайда жоқ", деді ол Астанада Чехия президенті Милош Земанмен арада өткен келіссөздердің нәтижелері бойынша баспасөз мәслихатында.
Қазақстан президентінің пікірінше, экономиканы саясатпен байланыстыруға болмайды.
"Санкцияларды мемлекеттер емес, БҰҰ белгілейді,.2007-2009 жылдардағы дағдарыстан енді ғана шыға бастап едік", деді ол.
"Земан мырзамен бәрінің тезірек аяқталып, ынтымақтастықтың басталғандығын қалаймыз", деді президент Н.Назарбаев.