Жарияланды: 410

Батыс Қазақстан облысы мен РФ-ның көршілес облыстары арасындағы мемлекеттік шекараны делимитациялау туралы екі ел үкіметтік өкілдерінің келіссөздері Оралда өтті

Оралда Батыс Қазақстан облысы мен РФ-ның көршілес облыстары арасындағы мемлекеттік шекараны делимитациялау туралы екі ел үкіметтік өкілдерінің келіссөздері өтті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Қазақстандық өкілдерді ҚР Сыртқы істер министрлігінің төтенше тапсырмалар жөніндегі елшісі Марат Атанов, ал Ресейлік өкілдерді төтенше тапсырмалар жөніндегі елші Владимир Волков басқарды. Кездесу барысында тараптар мемлекеттік шекараны делимитациялауға, шекараның жекелеген бөлігінің шегін белгілеуге , негізгі шекаралық бекеттерді нығайтуға қатысты мәселелер кешенін сарапқа салды. Атап айтсақ, жұмыс тобы шекаралық Жарсуат және Коммунистический разъездеріне қатысты мәселелермен көзбе-көз танысу үшін облыстың осы аудандарында болып, Қарашығанақ кенішін аралады. Мемлекеттік шекараны делимитациялауға қатысты екі жақты келіссөздер Ақтөбеде жалғасын табады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть