Батыс Қазақстан облысы Ресейден 132 млн текше метр су сатып алмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысы Ресейден 132 млн текше метр су сатып алмақ

Батыс Қазақстан облысы Ресейден 132 млн текше метр су сатып алмақ

Орал. 14-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Батыс Қазақстан облысы 2008 жылы оңтүстік аймақтарды сумен қамтамасыз ету үшін Ресейден 132 млн текше метр су сатып алмақ, бұл үстіміздегі жылмен салыстырғанда екі есе көп. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне облыс әкімшілігінен хабарлады.

  • 14 Желтоқсан 2007
  • 425
Фото - Caravan.kz

Әкімшіліктің мәліметтеріне сүйенсек, су Ресейдің Саратов магистральдық арнасынан жеткізілетін болады. «Бұл үшін республикалық бюджет есебінен Үлкен және Кіші Өзен өзендеріне Волгадан су алу жүзеге асырылады».

Сонымен қатар, «Айдархан су бөгенін қалпына келтіруге қатысты жұмыстарды қаржыландыру мүмкіндігі де қарастырылуда. Бұл Ресейден сатып алынатын су көлемін 30 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді»,- деп атап өтті облыс әкімшілігіндегілер. Сондай-ақ, Үлкен және Кіші Өзен өзендерінен келетін судың жеткіліксіздігінің салдарынан үстіміздегі жылы Батыс Қазақстан облысының Қазатал және Жаңғала аудандарының елді-мекендерін ауыз сумен қамтамасыз етуде қиыншылықтар туғызған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті