Батыс Қазақстан облысында 240 гектар аумақта шөп өртенді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысында 240 гектар аумақта шөп өртенді

Батыс Қазақстан облысында 240 гектар аумақта шөп өртенді

Астана. 13 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Батыс Қазақстан облысында 240 гектар аумақта шөп өртенді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 13 Маусым 2008
  • 356
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Мергенев ауылдық округінің Амангелді шаруа қожалығында 11 маусымда 19 сағат 25 минутта 240 гектар аумақта далалық шөп жанды.

Өрт 12 маусым күні 06 сағат 40 минутта сөндірілді. Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ-нің 11 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті