Жарияланды: 560

Батыс Қазақстан облысында елді мекендерді газдандыру жөніндегі аймақтық бағдарлама қабылданды

Батыс Қазақстан облысында елді мекендерді газдандыру жөніндегі 2003-2005-жылдарға арналған аймақтық бағдарлама мен оны жүзеге асыру шараларының жоспары қабылданды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Батыс Қазақстан облыстық әкімшілігінен хабарлады.

Бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталған басты шара - негізгі бағыттар бойынша жоғары, орта және төмен қысымды магистральдық газ құбырларын тартуға саяды. 2003-2005-жылдарда облысты көгілдір отынмен қамтамсыз ету мақсатына 8661 млн. теңге жұмсалмақшы. Бұл қаржы республикалық, облыстық және аудандық бюджеттерден бөлінумен бірге, инвестициялар да пайдаланылады. Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде 1678 шақырымдық газ құбыры тартылып, 18 мың тұрғын үй және әлеуметтік-мәдени сала нысандарын газбен қамтамасыз етуге жағдай жасалмақшы. Сондай-ақ, бұл тұрғындарға көрсетілгетін қызметтер сапасын арттыруға, жылу-энергетикалық кешендердің жұмысына қатысты ауаға тасталатын зиянды қалдықтарды азайтуға мүмкіндік береді. Қазіргі жағдаймен облыс орталығы табиғи көгілдір отынмен толыққанды қамтамасыз етіліп, облыстың жеті ауданына газ желісі тартыла бастады. Облыстағы елді мекендердің 16 проценті экологиялық таза әрі экономикалық тиімді отын түрін тұтынуға мүмкіндік алды. 2003-жыл ішінде шетелдік инвесторлар есебінен Қарашығанақ-Жаңа талап бағытындағы көгілдір отын құбырын тарту, сондай-ақ, облыс бюджетінен қаржы бөлу арқылы Жаңғалы және Тасқала аудандарында басқа да нысандар салу жоспарланды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть