Батыс Қазақстан облысындағы дәрігерлік мекемелерде дәрі-дәрмектерді сақтау талаптарын бұзу оқиғалары жиілеп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+28 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысындағы дәрігерлік мекемелерде дәрі-дәрмектерді сақтау талаптарын бұзу оқиғалары жиілеп кетті

Батыс Қазақстан облысындағы дәрігерлік мекемелерде дәрі-дәрмектерді сақтау талаптарын бұзу оқиғалары жиілеп кетті

Батыс Қазақстан облысында дәрігерлік мекемелерде дәрі-дәрмектерді сақтау талаптарын бұзу оқиғалары жиілеп кетті. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрлігінің фармакологиялық бақылау комитеті бөлімінен хабарлады.

  • 24 Наурыз 2004
  • 635
Фото - Caravan.kz

Фармакологиялық бақылау комитетінің бөлім мамандарының мәліметіне жүгінсек, 2003-жылғы 57 дәріхана мекемесі мен дәрігерлік ұйымдарда жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша, әсіресе ірі медициналық мекемелерде талап бұзу көріністері жиі кездескен. Мәселен, «Талап» АҚ-да жылуға төзбейтін дәрі-дәрмектерді сақтау тәртібі бұзылған. Аталмыш акционерлік қоғамның №2 дәріханасындағы дәрілер фармакологиялық тобына және қолданылу жолына қарай бөле-жара сақталмай келген. Сондай-ақ, «Талап» АҚ үш түрлі тіркелмеген, жеті түрлі сертификатталмаған дәрілік заттарды ауруханалардың жатқызып емдейтін бөлімдеріне таратып жіберген.

Тергеу қорытындысы бойынша, үш материал топтамасы фискалдық мекемелерге жіберілді. Жалпы айыппұл мөлшері 54064 теңгені құрады.
Сондай-ақ, өткен жылы дәрі-дәрмек сатумен айналысатын 27 нысанға тексеру жүргізілді. Олардың алтауы лицензиясыз жұмыс істесе, кейбір мекемелердің қызметкерлерінде арнайы фармацевтикалық білім болмаған.