Жарияланды: 580

Батыс Қазақстан облысының Березовка ауылының тұрғындары экологиялық қолайсыз аймақтан өздерін көшіруді талап етуде

Батыс Қазақстан облысының Березовка ауылының тұрғындары экологиялық қолайсыз аймақтан өздерін көшіруді талап етуде.

300 адамның қолы қойылған осындай өтініш жергілікті мемлекеттік мекемелер мен бұқаралық ақпарат құралдарына жолданды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Березовка ауылының тұрғындары хабарлады. Өтініште атап көрсетілгеніндей, егер де қоныс аудару тұрғысында оң шешім қабылданбаса, ауыл тұрғындары аштық жариялаудан бас тартпайтындықтарын мәлімдеуде. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қарашығанақ жобасын басқару комитетінің соңғы бірлескен отырысында Қарашығанақтан 1 шақырымда орналасқан Тұңғыш ауылының тұрғындарын Орал қаласына көшіру жөнінде шешім қабылданған болатын. Осы отырыста санитарлық-қорғаныс аймағына енбей қалған Березовка ауылын әлеуметтік көркейту мақсатына 1,5 млн. доллар бөлу туралы шешім қабылданған. Алайда ауыл тұрғындары мұндай шешімге қанағаттанбай отыр. Олар өздерін 2005-жылдан кешіктірмей басқа жаққа көшіруді талап етуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть