Батыс Қазақстанда 2,5 млрд. жуық теңгеге 30 білім нысаны күрделі жөндеуден өтпек
БҚО-да биыл 2 млрд. 459,26 млн. теңгеге отыз білім нысаны күрделі жөнделмекші. |
Облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары Ердан Қатаевтың айтуынша, 12 жалпы білім беретін мектеп, 2 балабақша, қос колледж, 8 кәсіптік лицей және 6 басқа нысандар ретке келтіріледі. Сондай-ақ 15 шілдеге дейін 415 білім мекемесі ағымдағы жөндеуден өтеді. Бұған жергілікті қазынадан 250 млн. теңге қаралған.
Су тасқынынан өңірде 14 білім нысаны зардап шеккен болатын. Оларды жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына республикалық бюджеттен 1 млрд. 170,935 млн теңге бөлінді. Сондай-ақ тасқын зардаптарын жою аясында Орал қаласында 1200 орындық мектеп, 290 орындық екі балабақша, Зеленов ауданы Асан ауылында 230 орындық мектеп салынуда.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін