«Батыс Қытай-Батыс Еуропа» автожолында дәнекерлеуші мерт болды
«Батыс Қытай-Батыс Еуропа» автожолында жұмысшы қаза тапты. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан хабарлады. Оқиға сәрсенбі күні Қызылорда облысы Қармақшы ауданында, автожолдың 6-шы учаскісінде болды. Дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу барысында электр тоғынан жарақат алған «Аккорд-Окан» ЖШС-ның 24 жастағы дәнекерлеушісі оқиға орнында көз жұмды. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін