Bek Air әуе кемелерінен ұшуға жарамдылық сертификаты қайтарып алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Bek Air әуе кемелерінен ұшуға жарамдылық сертификаты қайтарып алынды

Bek Air әуе кемелерінен ұшуға жарамдылық сертификаты қайтарып алынды

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі "Bek Air" АҚ әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификаттарын кері қайтарып алды. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің баспасөз қызметі хбарлайды.

  • 17 Сәуiр 2020
  • 15
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Компания бұзушылықтарды жою туралы бұйрықты орындамағандықтан, оператордың сертификаты қайтарып алынды.

Сондай-ақ, Bek Air компаниясының барлық Fokker әуе кемесінің 9 ұшағынан жарамдылық сертификаттары кері қайтарылды.

Пайдаланушы сертификатын және жоғарыда көрсетілген әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын алу үшін әуекомпания қайта сертификаттаудың толық рәсімінен өтуі керек.

Бұған дейін Қазақстанның авиациялық әкімшілігі бас көлік прокуратурасымен бірлесіп әуекомпанияға жоспардан тыс тексеру жүргізген болатын. Ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін өрескел заң бұзушылықтар анықталды.


Соңғы жаңалықтар